Қалалық қоғамдық-саяси газет

Келін күң емес

0 387

Қазақ халқында әлі күнге дейін «алып қашу» дәстүрі жүріп жатыр. Бірі дұрыс деп санаса, бірі бұл жайтты құптамайды. Халқымызда қызды алып қашу әрине болған, дегенмен ата, әкелеріміздің «ең алдымен қызбен танысып, келісімін алып, кейінірек алып қаштық» деген әңгімелерін көп еститінбіз. Ал қазір бір көргеннен қызды алып қашып жатыр. Негізінде, бұл дұрыс деп санамаймын. Себебі, адамды танып-білмей, жігіттің өскен ортасын танымай тұрмыс құру келешекте екеуіне кері әсерін тигізеді. Соның салдарынан кейбір енелер ұлдарына келіндерін қызғанып немесе үйдің бүкіл тірлігін істетіп, разы болмай отырады. Кез келген қыз балаға үйінен аттап, өзге әулетке бірден сіңісе кету оңай емес. Ата-енелердің келінге деген ықыласы болып, жаңа әулеттен жылулық сезінсе, отбасын сағынуы жиірек болар еді. Біздің халқымызда «келін үйде отыруы тиіс» дейтін қағида бар. Келін болып түсті делік, бірақ, тек үйде отыра беріп, жұмыс істегісі келсе де амал болмай, жас келіндердің оқуын да оқымай кетуіүлкен қате деп есептеймін.Тек бұл ғана емес, халқымыздың келінге байланысты бірнеше қалыптасып кеткен менталитеттің кесірінен, көптеген қыз бала тұрмысқа шығудан қашады. Жалпы кей отбасылардан келін жаңа әулетке келер кезде, «әрі қарай оқуыңды  оқи бересің», «жұмыс жасай бересің» т.б. деп алдын ала айтып қояды. Бірақ келін түскеннен кейін «мұның бәрі керек емес, үйде отыр» деп талап қоятынкүйеуі мен ата-енелерді көпбайқадым.Қазіргі таңда ерте тұрмысқа шығып жатқан жас қыздар өте көп. Көбісі жаңа өмірге әлі дайын болмайды, соның салдарынан қиындық туып, біраз еңсеруге тура келеді. Жас қыздар, ерте тұрмысқа шығып, оқуын тастап, жұмысты да істемеуге мәжбүр болады. Мұның себебі, жаңа әулеттің қарсы болуы.Өкінішке орай, «қайтып келген қыз жаман» деген қағиданы ұстанатын отбасылар дабар. Соның салдарынан, біршама қыз-келіншектер әлі күнге дейін,кейбір жаман әулеттен қорлыққа шыдап келеді. Зорлық-зомбылық болып жатса да, осы бір қағида қазақ қоғамына үлкен әсерін тигізіп жатыр.Статистика бойынша қазіргі кезде қыздар саны, ұлдар санына қарағанда біршама пайызға түсіп кеткен. Оның бәрі зорлық-зомбылықтың, қыздардың қазақ қоғамында бағаланбауы, еркекпен бірдей құқығы болмай, бір саты төмен болуы деп ойлаймын. Еркекпен әйелдің құқығы қашанда бірдей деңгейде болуы тиіс. Қазіргі таңда «келін құл емес» деген сөз жиі орын алып, көптеген қыздар ажырасып жатыр. Жалпы ажырасу оңай шаруа емес, оның үлкен зардабы бар, әсіресе қыз баласына ауыр соққы. Ал егер ортада бала болса, ажырасу мәселесі үлкен қиындықты туғызады. Келін ол қиындық көрмей, ата-аналарының мәпелеп өсірген қыздары. Ешбір ата-ана баласының жаман жерге келін болуын, ұрып-соғуын, келінге көп шектеулер қоя беруін қаламайды. Келін де, еттен, сүйектен жаралған адам, әрі қарайда сүйіспеншілік танытқан дұрыс, себебі болашақта жас ұрпақтарға үлкен тәрбие әрі бала ата-анаға қарап өседі демекші,ата-енелердің осы жайтқа назар аударғанын қалаймын. Батыр Бауыржан атамыз «жер бетіндегі ең батыр адам кім?- деп сұрақ қойса, ойланбастан: «Жер бетіндегі ең батыр адам ол қыз. Себебі мен қанша батыр болсамда танымайтын, бөгде елде бір сағат та тұрғым келмей, қашамын. Ал қыз болса, барған жерінде жалғыз өзі өмірінде көрмеген, танымайтын адамдармен тіл табысып, сол елді біріктіре сыйлата да алады, қаймықпастан ұрпағын да көбейтіп, сол елді жеңіп, мәңгі билейді»- деген екен. Осы орайда Бауыржан атамыздың сөзін, мән мағынасын түсініп, қызды яғни келінге, өз қызындай қараған дұрыс деп ойлаймын. Ең бастысы халқымыздағы қате пікірдегі менталитетті жоюуымыз керек.

Лаула Сейділда,

Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.