Қалалық қоғамдық-саяси газет

Декретте отыру күйзеліске жол ашпауы керек

0 241

Декрет – бала бағу үшін мемлекет тарапынан әйел адамына берілетін заңды демалыс. Декретке ер адамға да шығуға болады. Бірақ бұл біздің елде сирек кездесетін құбылыс. Ал әйелүшін декрет –  өміріндегі ең жауапты, шыдамдылықты, жинақылықты қажет ететін қиын кезең. 24 сағат үйде отыру, ешкіммен бұрынғыдай етене араласпау, үй шаруасынан көз ашпау жүйкені біраз жұқартатыны рас. Ғалымдар еркектің әйел энергиясынан қуат алатындығын дәлелдеген болатын. Олай болса отбасы ішіндегі жаймашуақ ауа райы тікелей нәзікжандының мықтылығын қажет етеді. Декреттегі әйел отбасын да, өзінің денсаулығын да сақтап қалғысы келсе мына бір ескертпелерді естен шығармағаны абзал.

Біріншіден,  ақша үнемдей отырып, өзіңізге киім, косметика, қысқасы қажетті заттарды сатып алып отырыңыз. Үйде отырсаңыз да өзіңізді жақсы көріңіз.Сыртқа шығып тұрыңыз. Дос-жараныңыз бар болса, тіпті жақсы. Басқосулардан қалмаңыз. Қалада достарыңыз болмаса, жаңа орта табуға тырысыңыз.

Екінішіден, демалыс күндері бала қарауды күйеуіңіздің мойнына жүктеңіз. Өзіңіз де басқа шаруаларды бітіресіз әрі бала әкенің тәрбиесін алады, мейірім-шапағатына бөленеді.

Үшіншіден, егер сіз ата-енемен бірге тұрсаңыз, баланы олардан қызғанбаңыз. Қайта бағуға беріп қойыңыз. Баққысы келмесе, мәжбүрлемеңіз. Бала өзіңіздікі. Сізден артық оған ешкім қарай алмайды. Сондай-ақ балаңыздың аман-саулығын ойлап, бүгінгі тіршілігіңізге тәубә деңіз. Ауру баласына қарап, күні-түні Алладан дертке дауа тілеп жүрген қанша ата-ана бар. Бала денсаулығы, оның тыныш ұйқысы ата-ана үшін басты байлық екенін түсініңіз. Үй жиналмай, тамақ жасалмай қалды деп уайым шекпеңіз. Бастысы бала қараусызқалмауы керек. Тамақты күйеуіңіз келгеннен кейін-ақ жасауға болады. Бәріне уақытылы үлгеру міндет емес.

Міне осыларды орындасаңыз декретте отырған күндеріңіз күйзеліске емес тек бақытты сәттерге жол ашады.

Наргиза Сейтназарова,
Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.