Қалалық қоғамдық-саяси газет

Канелоның мұрасына үлкен дақ түседі

0 930

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауля Канело Альварестің (60-2-2, 39 КО) мұрасына дақ түсетін болды. Мұндай пікірді тегі мексикалық боксшы Давид Бенавидестің (28-0, 24 КО) промоутері Сэмпсон Левковиц айтты.

vRINGe.com мәліметінше, Канело екі салмақта абсолют чемпион болған Теренс Кроуфордпен (40-0, 31 КО) де,  Бенавидеспен жұдырықтасқысы келмейді.

«Канело Альварес өз мұрасын қалдырады, бірақ ол мұраға дақ түседі, өйткені ол қазіргі таңда ең мықтымен, яғни, Бенавидеспен жұдырықтаспайды. Оның балалары және немерелері одан кейін сұрайтын шығар, неге ол Бенавидеспен айқаспады деп. Өйткені ол (Канело) мықты жекпе-жектер қалайтынын айтып келеді, ал осыдан артық қандай мықты айқас болады. Қазіргі таңда ол америкалық боксшымен жұдырықтасатынын айтыпты, шамамен кім екенін білеміз. Кім екенін нақты айта ламаймын, білетінім тек оның мұрасында дақ болады», – дейді промоутер.

vesti.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.