Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кадрлық резерв – кемел келешек кепілі

0 306

Кеше қала әкімдігінің мәжіліс залында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу кезеңі туралы түсіндіру жиыны өтті. Басқосуда әуелі Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков аталған жиынның маңыздылығына тоқталды.

– 2019 жылы елімізде Президенттік жастар кадрлық резерві жобасы бастау алған болатын. Аталған жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік аппаратты жетілдіру және басшылардың жаңа буынына жол ашу. Ағымдағы жылдың 1 қыр- күйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің үшінші кезеңі басталғалы отыр, – деді шаһар басшысы.
Келесі кезекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Лесбек Ілебаев іріктеу кезеңінің барысы туралы кеңінен баяндады.
– 2019 жылы өткізілген іріктеу бойынша резервке 300 адам, 2021 жылы 50 адам алынды. Республика бойынша резервке алынған 350 адамның 264-ы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни жалпы санының 75 пайызы жұмысқа орналастырылды. Ал осы үшінші іріктеудің ерекшелігі – мемлекеттік аппараттың салалық кадрларға қажеттілігін ескеріп, бірқатар бағыттар бойынша нақты мақсатты іріктеу өткізу. Бұл ретте үміткерлермен әңгімелесу міндетті түрде салалық орталық органдардың қатысуымен өтеді. Әрине, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев міндеттеген тапсырмаларды орындау кезінде, еліміздің болашағын жаңғырту, кәсіби аппарат қалыптастыру мен мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеру жолында дарынды әрі білімді жастардың қоғам өміріне белсене араласуы, жастардың бойындағы ұлтжандылық рухтың болуы өте маңызды, – деген Лесбек Құралбайұлы жауапты сала басшыларын аталған жобаны жоғары деңгейде өткізуге шақырды.

 

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.