Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көзбояушылық болмау қажет»: Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын көтермеген университет басшыларына шүйлікті

0 166

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының ректорларына шүйліге сөйлеп, оқытушылар құрамының жалақысы расымен де көтерілмейтін болса әкімшілік жазаға тартылатынын айтып ескертті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Министр университет оқытушыларының жалақысын көтеру мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы екенін еске салды. Тиісті бұйрыққа ағымдағы жылдың тамыз айында қол қойылған, осыған сай мұғалімдердің жалақысы көтерілуі тиіс болатын.

«Бақылау болуы қажет, сондықтан салыстырмалы кестедегі барлық көрсеткіштер үшін түбіртектерді маған көрсетіңіздер. Кеше Қостанайдағы университет туралы сұрақ болды, маған ректорлардың есептері керек емес, оның орнына мұғалімдердің жалақысы туралы нақты деректер керек. Әйтпесе мәселені анықтау үшін арнайы комиссия жіберуге тура келеді», – деді министр аппарат отырысында.

Сондай-ақ, Аймағамбетов жоғары оқу орындарының басшыларына бюджет көрсеткішін үнемдеу үшін оқытушылардың жалақысын төмендетпеу керектігін ескертті.

«Мұндай әрекетке жол берілмеуі керек – бұл көзбояушылық. Бұл мәселені аудит және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі қадағалауы керек. Мұғалімдердің жалақысының айтарлықтай өскенін сезінулері керек. Бұл жердегілер ештеңе көрмейді, ешнәрсе естімейді және түсінбейді деп ойламаңыздар», – деді Аймағамбетов ректорларға.

Айта кетейік, жалақының өскенін ескере отырып қазақстандық 29 ЖОО-ның қызметкерлерінің айлық мөлшері төмендегідей қарастырылған:

– оқытушылар – 206 мың теңге;
– аға оқытушылар – 241 мың теңге;
– профессорлар – 376 мың теңге;
– Ұлттық университеттерде – 415 мың теңге;
– Әл-Фараби университетінде – 500 мың теңге шамасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.