Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бір айға жуық іздеген: Павлодар облысында із-түссіз жоғалған ағайынды шопандардың бірі өлі табылды

0 451

Павлодар облысында екі ағайынды жоғалып, бірінің денесі жазық даладан табылды. Полицияға олардың жоғалғанын Екібастұзда тұратын әпкесі айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«19 қазан күні Ақсу қаласының полиция бөліміне Екібастұз тұрғыны келіп, екі ағасының із-түзсіз жоғалғаны туралы өтініш жазған», – деп баяндады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, 5 қазан күнгі сағат 17:00 шамасында Ақжол ауылына жақын орналасқан шаруа қожалығының отарлығынан кеткен 1967 және 1985 жылғы ағайындылардан осы күні хабар жоқ.

Ағайындыларды іздеу жұмыстарына полиция және шекара маңы аудандарының бүкіл жеке құрамы жұмылдырылған.

Арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды.

«25 қазан кешінде отарлықтан 20 шақырым жердегі жазық далада 1967 жылғы ер адамның зорлау белгілері болмаған өлі денесі табылды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, ер адамның өліміне дененің қатты тонуы себеп болған», – деп түйіндеді полициядан.

Полиция және Павлодар облысындағы еріктілер екінші ер адамды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.