Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау – басты міндет

0 2  447

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты – экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.

Бірыңғай бағдарлама төрт бағытты қамтиды. Атап айтқанда, бірінші моноқалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекен кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау, екінші экономиканың және өңдеу өнеркәсібінің басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді салалық қолдау. Ал, үшінші-төртінші бағыттарда кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржылық емес шаралар.
Осы ретте «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы және ағымдағы жылы ауданымызда атқарылатын жұмыстар туралы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Досжан Исмайловтан сұраған едік.
Досжан Исмайловтың айтуынша, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу бойынша биыл Қызыларық ауылдық округіне қарасты Сұрым ауылында «МОЛ ДАМУ» АШӨК-нің сүт өңдеу цехын іске қосу жобасы аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып, оң шешіміне сәйкес тиісті ауылдық округ арқылы жер телімін алу бойынша аудандық жер қатынастары бөліміне жер комиссиясының қарауына ұсынылған. Егер жер телімін алуға оң шешім берілсе, сүт өңдеу цехы тұрақты 20 адамды жұмыспен қамтиды деп жоспарланып отырғанын айтады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі артады.
«IMC Group» ЖШС мақсары майын өңдеу цехын Жетітөбе ауылдық округі аумағынан салуды көздеп отыр. Бүгінде Жамбыл облысының кәсіпкерлік басқармасына тиісті құжаттары тапсырылған.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасын іске асыру аясында құрылған Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылында «Атамекен-Бастау» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің сүт өңдеу цехының жоба құны 50,0 миллион теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда жобаның құрылыс жұмыстары 50 пайызға аяқталған. Сонымен қатар, құрал-жабдықтарын алуға және жобаны іске асыруға қосымша қаражат қажет етеді, яғни қаржыландыру мәселесі «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қарауында.
Б.Момышұлы ауылынан жеке кәсіпкер «Ахмадбекова А.Ж.» 5000 басқа арналған құс фермасын салу жобасына «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылымының, яғни электр желісі және газ жүйесін тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген. Бүгінде сараптамадан өтіп, инфрақұрылымды жүргізу үшін кәсіпкерлік объектісі аумағының шекарасына дейін жер теліміне газ және жарық жүргізуге мемлекеттік акт жасатуға аудандық ТҮКШ және АЖ бөлімі тарапынан бюджетке сұраныс берілген. Бұл жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 600 мың теңге қаржы бөлінген. Аталған мемлекеттік актыны ЖК «Ахмадбекова» 2021 жылдың қыркүйек айының 10 жұлдызында қол жеткізді. Ендігі кезекте Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика басқармасы арқылы инфрақұрылым жүргізуге сұраныс жұмыстары бүгінгі күнге дейін пысықталуда. Кейбір құжаттарын заң талаптарына сәйкестендіру үшін құжаттарын қайта рәсімдеуде. Жоба құны 12,0 миллион теңгені құрайды.
– Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін арттыру бойынша 2021 жылдың инвестициялық жобаларын жандандыру және 2022 жылға жаңа жобаларды іздестіру және іске асыру бағытында жұмыстар атқару үшін KAZAH INVEST АҚ-нан жаңа жобаларды ауданға тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Көксай» каналының бойынан жоба құны 5,2 миллиард теңгені құрайтын кіші су электр станциясы құрылысының толықтай аяқталу уақыты ағымдағы жылға жоспарланып отыр. Инвесторы «ҚазГидроОперейтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу бойынша Шақпақ ауылдық округіне қарасты, Амансай бөлімшесіндегі таулы аймақтан әктасты жыныс, долмит және минералды ұнтақтар шығаратын өндіріс орны «SOUTH ROAD» ЖШС. Жобаның құны 507,0 миллион теңгені құрайды, жоба іске қосылу үшін аудан әкімшілігі тарапынан жер учаскесі ұсынылған. Ендігі кезекте Алматы қаласындағы «ЮжКазНедра» АҚ-мен жер қойнауындағы қордың мөлшерін анықтау және өндірістің жобалық сметалық құжаттамаларын дайындап беру туралы келісімшарт жасалынды. Бүгінде сараптаманың қорытындысы күтілуде.
2015-2019 жылдарға арналған Жамбыл облысының кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген «Шақпақ Дорсервис» ЖШС-ның «Битум зауытын қайта жаңғырту» жобасы бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым (газ жүйесін) жүргізу үшін тиісті құжаттарын жинақталды. Бүгінгі таңда энергетика және кәсіпкерлік басқармасына кемшіліктеріне сәйкес, құжаттарын қайта реттеуде, – дейді Досжан Исмайлов.
Бөлімнің жауапты мамандарының айтуынша, туризмді дамыту бағыты бойынша, «Көксай» этно-туристік демалыс аймағына қонақтарға арналған коттедждер, арқан жолы, тамашалау алаңы, киіз үйлер, моншалар, спорт кешендері, қонақүйлер, бассейндер салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда тапшандар мен киіз үйлер және тамақтану мен қызмет көрсету нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны 4,5 миллиард теңгені құрайды және 40 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған.
«Тобышақты» этно-ауылы «Каралма» тау-шаңғы кешенінен төмен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінен 9 шақырым жерде орналасқан және «Ақсу-Жабағылы» қорығымен шектеседі. Бүгінгі таңда эскиздік жобасы әзірленген. Шығыс стиліндегі киіз үй қалашығын, мейрамхана және «керуен-сарай» үлгісіндегі қонақүй салынбақ. Қажетті қаржыландыру көлемі 1,5 миллиард теңгені құрайды. Жобаны іске асыру үшін инвесторлар іздестірілуде

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.