Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалуда

0 2  278

Бизнес субъектілерінің құқықтарын шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінен қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Прокуратура туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен қабылданған ұйымдастырушылық шаралар жағдайында қадағалаудың тиімділігі едәуір артты.
Нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар айында қала прокуратурасы 4,8 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады.
Атап айтқанда, қадағалау шаралары бойынша жергілікті атқарушы орган негізсіз енгізген 71 кәсіпкер сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлеушілер туралы мәліметтерден алынып тасталды. Салық органдарымен шектеу шаралары алынды.
Бизнесті қорғау бойынша мобильді топ кәсіпкер «Ақбота» ЖК-нің сигналымен жеткізілген тауарлар үшін ақшалай қаражатты 5 ай бойы «Жамбыл су» ШЖҚ КМК-нен ала алмай жүрген қаражатының төленуін қамтамасыз етті.
Енгізілген қадағалау актісі бойынша 4729 кәсіпкерлік субъектілеріне сумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді.
Мемлекеттік органдардың заңсыз тексерулеріне ерекше назар аударылды.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша полиция қызметкерлерімен «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде (9 дәріхана тексерілген) дәріханалар қызметінде тексерулер жүргізуінің заңсыз практикасы тоқтатылды (ұсыну қаралу барысында).
Эпидемиялық талаптарды сақтау бойынша мониторингтік топтар тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде заңсыз рейдтік іс-шаралар жүргізу фактілері анықталды.
Ден қою шаралары бойынша 2 кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол берілмеді.
Қала прокуратурасының хаты негізінде Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы өзгертілді, нәтижесінде мобильді топтардың кәсіпкерлік объектілеріне қатысты заңсыз тексерулер жүргізуіне жол берілмеді.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

А.Далешова,
Тараз қаласы прокуратурасының аға прокуроры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.