Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлер қарызын өтемеген мекемелердің басшыларына шағымданды

0 359

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және «Атамекен» ҰКП облыстық филиалына Жамбыл орталық аудандық ауруханасы мен Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшылығының келісім-шарттық міндеттемелерді уақтылы орындамау фактісі бойынша кәсіпкерлер шағымданды.
Өтінішті зерделеу барысында жоғарыда аталған мекемелердің шынында да жеткізілген тауары үшін кәсіпкерлер алдында жалпы сомасы 1,5 млн. теңгеге ақшалай берешегі бар екені анықталды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 20-тармағына сәйкес, мемлекеттік сатып алу туралы шарт осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін белгіленген толық төлем жасау туралы талаптарды қамтуға тиіс.
Осыған байланысты, облыстық Антикор және «Атамекен» ҰКП қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобы кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында шұғыл шаралар қабылдау нәтижесінде тапсырыс берушілер жеткізушілер алдындағы қарыздарын толық өтеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.