Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көше күні» аталып өтті

0 206

Тараз қаласында алғаш  рет қоғамның  назарын  қала  көшелерінің  тарихына  аудару,  әр көшенің  өзіндік  атауы  мен  сырын  жұртшылыққа  насихаттау,  көшелердің  тарихы туралы жастар танымын  арттыру мақсатында «Көше  күндері» жобасы өткізілуде.

Бүгінгі игі  іс облысымызға  есімі  берілген,  ұзындығы    8 шақырымнан  асатын  қаламыздағы  ең  ұзын  даңғыл  саналатын,  биыл елімізде 175 жылдық  мерейтойы тойланып жатқан, 1984 жылы Жамбыл қалалық атқару  комитетінің  №195 шешімімен  жыр дүлділі  Жамбыл бабамыздың  есім  берілген  Жамбыл  даңғылынан бастау алып отыр.
Аталған жоба – дәстүрлі түрде жалғасатын болады. Жоба  аясында қала бойынша  барлық  көшелер қамтылады.

Қала  тұрғындары   арасында  қызықты сауалнамалар, кітап, қолөнер көрмелері, спорттық іс-шаралар, «Менің көшемнің тарихы» тақырыбында сауалнамалар жүргізілуде. Бүгін Жамбыл атындағы  Руханият  орталығында  қала  тұрғындарымен  қонақтарына арнап  орталықта   Жамбыл  бабамызға  арналған көрме  өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.