Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәріз суларын тазарту кешенінің құрылысы жүргізіледі

0 143

Қазіргі таңда Тараз қаласында кәріз сулары кешенін салу кезек күттірмейтін мәселеге айналып отыр. Бүгінгі күні кәріз сулары көршілес Жамбыл ауданында орналасқан 217 гектар аумақтағы сүзгі алаңдарына құйылуда. Сүзгі алаңдары шамадан артық толғандықтан, Аса өзені мен жер асты суларының ластану қаупі бар. Оның үстіне мұның қоршаған ортаға да тигізер зардабы мол болмақ. Сондықтан, Тараз қаласының кәріз суларын тазарту кешенінің құрылысын салу бойынша Жол картасы әзірленді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, аталған Жол картасына сәйкес, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінен грант бөлініп, техника-экономикалық негіздеме жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Содан соң салалық және экономикалық сараптама жүргізіліп, мердігерді анықтау бойынша халықаралық конкурс өткізілмек. Құрылыс жұмыстары 2025-2027 жылдарға жоспарлануда. Оның қуаттылығы тәулігіне 100 мың текше метр болады деп болжануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.