Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көптің көңілінен шыққан жәрмеңке

0 246

Жыл сайын көктем, күз айларында қаланың коммуналдық базарында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Биыл да қысқа қамданған қала тұрғындарына коммуналдық базарда және «Grand Passage» сауда кешенінің алаңында азық-түлік қолжетімді бағада саудаланды.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Жәрмеңкеде Байзақ, Жуалы, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласының тауар өндірушілерінің сондай-ақ тұрақтандыру қорынынан жөнелтілген өнімдердің көлемі 90 тонна, ал құны 114,5 млн теңгені құрады. Оның ішінде 8,9 тонна ет, 1,5 тонна шұжық өнімдері, 2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер мен 2 тонна макарон өнімдері, 0,1 тонна тұз, 3,3 тонна балық, 2 тонна қант, 1 тонна ұн, 0,8 тонна бал және 63,1 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

Қала тұрғындарының игілігі үшін ұйымдастырылған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен орынбасары Берік Нығмашев та қатысты. Аймақ басшысы сөрелерді аралап, шаруалармен тілдесті. Сондай-ақ, тауарлардың сапасына баса назар аударып, қойылған бағалардың тұрақты болу керектігін атап өтті.

Жәрмеңкеде тұрғындар тауарлардың бағасы мен сапасына сын келтірмеді, бірақ, тасымалдауда біраз қиындықтар болғанын айтты. Елдегі жағдайға байланысты қоғамдық көліктердің демалыс күндері қатынамайтыны белгілі. Дейтұрғанмен, елдің саулығы үшін сақтық шараларын сақтау басты орында тұрған мәселе. Тұрғындар да соны іштей түйсінгендей сыңай танытты.

Белгілі болғандай жәрмеңкедегі тауарлардың бағасы нарықтағыдан 5-32 пайызға арзандатылған бағада ұсынылды. Соның ішінде картоп келісі – 70-80, сәбіз – 90, пияз – 60, қант – 200 сондай-ақ сиыр еті – 18000 және сүт – 170 теңгеден саудаланды.

Жәрмеңкеде агроқұрылым өкілдерінен бөлек «Алқаптан сөреге дейін» жобасына қатысушы жеке кәсіпкерлер де өз өнімдерін қолжетімді бағада ұсынды.

Айта кету керек «Ауылым – алтын бесігім» жобасы аясында жәрмеңке Тараз қаласынан бөлек Т.Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі аудандарында да ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.