Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көпбейінді аурухананың келешегі кемел

0 2  238

Бүгінгі таңда елімізде көлемді реформалар жүргізілуде. Әсіресе денсаулық сақтау жүйесін дамытуға айрықша басымдық берілген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та отандық медицина алдына үлкен әрі жауапты міндеттер қойып отыр.

Айталық, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына (концепция) сәйкес, Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында ауқымды іс-шаралар жүргізіліп, оң нәтижелерге қол жеткізілуде.
Бүгінде ауруханадағы төсек қоры 310-ды құраса, оның күндізгі стационары – 35. Сонымен қатар ауруханада 725 қызметкер еңбек етуде. Олардың 94-і дәрігер, 296-сы орта және кіші буын қызметкерлері. Облыстық аурухананың құрамында гематология, қан тамырлары хирургиясы, гастроэнтерология, ревматология, эндокринология секілді өңірде баламасы жоқ бірқатар бөлімше жұмыс істейді.
Жылына ауруханада 12 000-нан аса науқасқа медициналық көмек көрсетіледі. Мәселен, 2023 жылы мамандандырылған медициналық көмек бойынша – 5 852 ота, оның ішінде эндовидеохирургиялық – 1 447 ота, ал жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша 57 ота жасалынды. Сонымен қатар өткен жылы 8 мамандандырылған медициналық көмек және 1 жоғары технологиялық медициналық көмек түрі, ал 2024 жылдың 5 айына 4 мамандандырылған медициналық көмек және 1 жоғары технологиялық медициналық көмек түрі көрсетілді.
Ағымдағы жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Облыс бойынша денсаулық сақтау саласындағы үйлестірушілерді бекіту туралы» бұйрығының негізінде, Жамбыл облыстық аудандық орталық ауруханаларында жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды, онда мамандарылған және жоғары мамандарылған медициналық көмекті аймақтарға жақындату, медициналық-стационарлық қызметтің сапасын арттыру, оның жұмысын жақсарту, мақсатында көптеген іс-шара атқарылды. Атап айтсақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Т.Рыскұлов, Мерке, Шу АОА, Шу ҚА, Мойынқұм, Қордай аудандарына шығып стационарлық көмекті ұйымдастыру, жақсарту мақсатында Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының білікті хирург дәрігерлерімен хирургиялық заманауи әдістерін қолдана отырып шеберлік сыныптары шеңберінде ота жасалып, кардиолог, невропатолог, эндокринолог, ревматолог, қан тамырлары хирургы, кардиохирург, хирург, реаниматолог дәрігерлерімен дәрігерлік 1 345 кеңес көмек көрсетілді.
Сонымен қатар Жамбыл облысының орталық аудандық ауруханаларының жалпы практика дәрігерлері үшін жұмыс орнында үздіксіз аурухананың оқыту кестесіне сәйкес, қазіргі таңда жыл басынан бері 130 дәрігер аурухана базасында клиникалық тәжірибеден өтті. Енді жыл соңына дейін жұмыс орнында үздіксіз оқыту бойынша 182 дәрігерді қамту жоспарда бар.
Осы ретте, медицина саласының қызметкерлерін төл мерекеміз – Медицина қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Ұлт саулығы жолындағы еселі еңбектеріңіз әрдайым еселене берсін!

Марат Жұманқұлов,
Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.