Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Күн нұрынан жаралған патшам»: Жорабаева күйеуін қалай еркелететінін айтып, елді таңғалдырды

0 3  107

Алтынай Жорабаева күйеуін қалай еркелетінін айтып, жұртты сүйсіндірді, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әнші Instagram-дағы парақшасында күйеуімен түскен сүйкімді суреттерімен бөлісті.

«Алишты қалай атаймын? Жәннатым Ин Шаа Алла, жарық дүнием жарқ еткен, досым, абрикосым, күн нұрынан жаралған патшам менің», – деп жазба қалдырды ол.

Көпшілік 43 жастағы әншінің осылайша жан сырын ақтарғанына таңырқап қалды.

«Күн нұрынан жаралған деген қалай кетті? Дегенмен бақытты болыңыз. Қатты сүйетініңіз көрініп тұр, көп мақтай бермеңіз», «Не деген мақтаулар», «Өзім қыздай қосылған жаныма шли бұлай еркелетіп жазбайды екенмін», «Пәлен жыл тұрған күеуіңнің мінезін білу қиын екен, сол себепті жігітке артық мақтаулар айтпа. Алтынай, қызымдай жақсы көремін», «Қалай атасаң да жарасады, ең бастысы, бақытты болыңдар», – деп жазды оқырмандар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.