Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көгілдір отын – көптен күткен игілік

«Ұлы дала» ықшамауданындағы төрт тұрғын үйге газ берілді

0 125

Ел тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Соңғы жылдары бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Облыста да бұл бағытта қолға алынған ілкімді істер аз емес.

Тараз қаласындағы №15 «Ұлы дала» ықшамауданы тұрғындарының басты мәселесі табиғи газ болатын. Қала әкімі Б а қ ы т ж а н О р ы н бе ко в п е н кездесуде де тұрғындар осы мәселені өзекті етіп көтерген. Халық үніне құлақ асқан шаһар басшысы бұл мәселені жіті бақылауына алып, көп ұзамай «Ұлы даладағы» №1193/2, 1193/5, 1993/7, 1993/8 тұрғын үйлерге көгілдір отын берілді. – Біз бұл мәселені қысқа мерзімде шешуге барынша күш салып, халықтың тілегін орындап отырмыз. Біз үшін тұрғындардың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан үйлерге 80 пайыз қоныстану болған жағдайда газ беріледі. Тұрғындар енді абоненттеу рәсімдерін өтіп, дербес шот алулары керек, – деп шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков көгілдір отынның толықтай берілу тәртібін түсіндірді. Тараз қа ла лық құрылыс б ө л і м і н і ң м ә л і м е т і н ш е , ықшамауданды табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары 2016 жылы басталған. Бас мердігер – «Ақбарыс строй» ЖШС. Жалпы «Ұлы дала» ықшамауданында 77 көпқабатты тұрғын үй көгілдір отынның қызығын көрмек.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.