Қалалық қоғамдық-саяси газет

Құйрық шұқыған Қайраттың әйелі күйеуінің қылықтарына таң қалмайтынын айтты

0 1  249

Әнші Лұқпан Жолдасовтың артына үңілемін деп басы дауға қалған Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман күйеуін кінәлағандарға жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бақыт Тұрман Instagram әлеуметтік желісінде күйеуінің жұртты шулатқан қылығына қатысты өз ойын білдірді. Оның айтуынша, Қайрат өнер адамы болғандықтан, адам ойына келмейтін түрлі қылықтар жасайды екен. Сондықтан Бақыт Лұқпан Жолдасовтың артын сипаған күйеуінің ерсі қылығына аса таңдана қоймапты.

«Әлеуметтік желідегі негативті пікірлерді оқып, менің тілім қыши бастады. Мен ол видеоға ешқандай жабырқаған жоқпын. Қайраттың жыбырлақтығы бар. Оны түсінген адам түсінеді, түсінбеген адам ойына келгенін айта береді. Мен оған үйреніп кеткенмін. Адам күтпейтін қылықтарына мүлдем таңғалаймын. Қайрат өзін еркін ұстайтын адам. Оны білетін адам біледі. Бізге енді хайп болды, жақсы болды», — деді Бақыт Тұрман.

Бақыт Тұрманның күйеуін жақтап айтқан бұл пікірі желі қолданушыларын тіксінтіп тастады.

Қайраттың әйелі күйеуінің қылықтарына таң қалмайтынын айтты / instagram.com/bakyt_turman
Қайраттың әйелі күйеуінің қылықтарына таң қалмайтынын айтты / instagram.com/bakyt_turman

«Ауру адамның қылығы ғой. Тіпті кішкентай балалар да олай к*т шұқып ойнамайды. Ел алдында ел ағалары осылай істесе басқаларға не жорық?!», «Тілің қышыса күйеуіңе сөйле, халықта жұмысың болмасын!», «Ұлықпан аға өте сабырлы кісі, ойнайтын адам емес. Әйелі жақтап отыр ғой, сонымен ойнасын», «Өзінің әкесімен жасты адамның көтін шұқығаны несі?», — деп жазды желі қолданушылары.

Ән айтып тұрған Лұқпан Жолдасовтың құйрығын сипап, кейін осы қылығы үшін сазгерден кешірім сұраған Қайрат Әділгерей туралы бұған дейін жазды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.