Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Әйелмен әлем әдемі»

0 286

Таразда қала күніне арналған мерекелік шаралардың басталғанына 2 жұмаға жуықтады. Шаһардың туған күніне арналған кезекті шара облыстық «Анаға тағзым» орталығында өтіп жатыр.

«Әйелмен әлем әдемі» аталған сұлулық фестиваліне орталықтан түрлі курстар оқып, білім алған сұлулар бақ сынауда. Шараның ашылуына Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов және орталық жанындағы Аналар алқасы мен Аналар кеңесінің мүшелері арнайы келді. Сондай-ақ байқауды тамашалауға сұлулық салондарының шеберлері, психологтар, көпбалалы аналар, орталықтың курс қатысушылары мен қала тұрғындары көптеп жиылды.

Орталықта түрлі үйірмелер бар. Сонымен қатар мұнда қыз-келіншектердің кәсіп игеруге қызығушылығын арттыруға арналған түрлі курстар да өткізіледі.  Аталмыш үйірмелерге қатысушылардың шеберлік деңгейлерін көтеруге арналған бұл фестивальда тырнақ және бет әрлеу курстарын аяқтап, өз кәсібін дөңгелетіп отырған арулар өзара мықтыны анықтауда.

Шара қорытындысы бойынша қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар және арнайы сыйлықтар табысталады. Ал модель қызметін атқарған бұрымдыларға «Бойтұмар» тігін және дизайн студиясының шеберлері тіккен сөмкелер естелікке сыйға берілмек.

Фестивальден соң орталық психологтарының ұйымдастыруымен тренингтер өтеді деп жоспарланған.

Жанерке ЖАНҰЗАҚ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.