Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үйден шыға алмай отырмыз». Ақтөбе облысында үйлер суға кетіп жатыр

0 455

Көктемгі су тасқыны Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Тасқын су тұрғындардың үйлеріне кіріп, тұрғындар көшеде су кешіп жүр.

«Жылда осы жағдай қайталанады. Былтыр да үйімізді су басқан. Биыл да міне, әбігерге түсіп отырмыз. Мен сыртқа шыға алмай отырмын. Су етіктен асып кетіп тұр. Үйдің ішіне кіріп жатыр. Қора, сарайдың бәріне су кірді. Сарайдың бір шеті құлады. Көршілеріміздің де жағдайы осындай», – дейді Барақ батыр көшесінің тұрғыны Гүлмира.

Тұрғындар былтыр да үйлерінің суға кеткенін айтады.

Ал Байғанин аудандық әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында аудан әкімі Айбек Көпенов жағдайдың бақылауда екенін айтты.

«Республикалық «Ақтөбе-Астрахан» тас жолының су өткізгіш құбырлары арқылы аудан орталығына дала суы кіріп, бірнеше көшеге жайылды. Шамамен төрт-бес көшені су басып, үйлердің аулаларына су келді. Аудан әкімдігі жанындағы штаб шұғыл әрекет етіп, қауіптің негізгі дені сейілді. Судың деңгейі қайтты», – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудан әкімі жұмыс тобы құрылғанын, аулалары суға кеткен үйлердің жағдайы зерттелетінін айтты.

massaget.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.