Қалалық қоғамдық-саяси газет

Израильде омикрон штамының жаңа түрі анықталды

0 87

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі омикронның жаңа түріне байланысты елде 20-ға жуық жағдай тіркелгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, BA2 деп аталатын штамм бірнеше елде бұған дейін де анықталған және омикронға қарағанда қосымша мутацияға ие. Қазір BA2 штамының өзінен де қауіпті ме, жоқ па деген сұраққа жауап жоқ.

«Қазір вирустың омикроннан гөрі қауіпті екенін көрсететін деректер жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі кез келген өзгеріс туралы хабарлайды», – делінген министрліктің хабарламасында.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, BA2 алғаш рет Қытайда бірнеше апта бұрын анықталған және ол Үндістанда пайда болған деген болжам бар. Ол Дания, Аустралия, Канада және Сингапурде де анықталды. Кейінгі күндері Израиль вирус бойынша рекорд орнатып келе жатыр, күніне 12 мыңнан 48 мыңға дейін жаңа жағдай тіркеледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.