Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ішкі саясат бөліміне – жаңа басшы

0 288

Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Құтжан Бақытжан Райымбайұлы тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Бақытжан Райымбекұлы 1994 жылы 13 маусымда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Тастөбе ауылында туылған.
2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы «Адырна-Таразы» жастар қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары болып бастаған.
2015-2016 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің жастар орталығының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі;
2016-2017 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің жастар орталығы ұйымдастыру, дін проблемаларын талдау, жастарға кеңес беру бөлімінің кеңесшісі;
2017 жылы Жамбыл ауданы әкімдігінің жастар орталығы ақпараттық талдау, мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы, Жамбыл ауданы әкімдігінің жастар орталығы ұйымдастыру, дін мәселелерін талдау, ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
2017-2018 жылдары Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2018-2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру секторы,ның жастар ісі жөніндегі инспекторы;
2019 жылы Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жобаларды ілгерілету бөлімінің басшысы;
2019-2020 жылдары Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшы орынбасары;
2020 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының жастар ресурстық орталығының жастарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы;
2020-2021 жылдары аудан әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2021 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметін атқаруда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.