Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өңір өнеркәсібі өрге басып келеді

0 802

Өнеркәсіп Жамбыл облысы экономикасының негізгі салаларының бірі саналады. Бүгінгі таңда облыста өнеркәсіп саласында барлығы 749 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс атқарады (15 ірі, 23 орта, 711 шағын кәсіпкерлік субъектілері).

Аталған өнеркәсіп кәсіпорындарында 40 мыңға жуық (40 556) адам жұмыс істейді.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 184,1 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,2% құрады.

Облыста тау-кен өнеркәсібінде негізінен толық циклды өндіріс орындары жұмыс атқаруда («Қазфосфат», «Еврохим», «Алтын Алмас», «Жамбыл Гипс», «Қаратау Про», «ЖЦПК» және б.).

2021 жылдың тоғыз айының қорытындысымен өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 22,1 мың АҚШ долл. құрап, 2020 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,7 % құрады.

Облыста экспорттық әлеуетті арттыру бағытында өңірдегі кәсіпорындармен жұмыс бір жүйеге қойылған. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ арқылы өткен жылы 7 кәсіпорын жалпы сомасы 103,5 млн.теңгеге қолдау алса, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті кемінде 10 пайызға арттыру бойынша жұмыс жасаудамыз.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының алдын-ала мәліметі бойынша облыс бойынша шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 156,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 122,6% құрады.

Есепті кезеңде 271,3 мың тн. портландцемент, 99,1 мың тн. мұнай өнімдері, 19,3 мың тн. фосфинат, 83,9 мың тн. минералды тыңайтқыштар, 11,3 мың тн. ферроқорытпа, 1,9 мың тн. натрий цианиді экспорталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.