Қалалық қоғамдық-саяси газет

Өңір медицинасы жыл ішінде қандай жетістікке жетті?

0 280

Ел егемендігін алып, еңсесін тіктеп, тәуелсіз мемлекет болғалы 30 жыл толды. Уақыт өлшемімен аз мерзім болғанымен, тарих таразысында талай тірлік атқарылды. Өңірдің медицина саласында да жыл ішінде атқарылған жұмыс толайым.

Бүгінгі таңда демографиялық және тұрғындар денсаулығы көрсеткіштерінің оң динамикасына қол жеткізілді. Мысалы, бала туу саны артты. Бала туу көрсеткіші 2020 жылы 25,15 пайыз болса, ол 27,06 пайызға артты. Халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 17,47-ден 16,95 пайызға өсті. Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардың (туберкулез, онкологиялық аурулар) өлім-жітімінің төмендеуіне қол жеткізілді. ҚР Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі индикаторларын орындау бойынша Жамбыл облысы Қазақстанның қолайлы өңірлерінің қатарына кіреді. Ағымдағы жылы ауылдық өңірлерде 8 медициналық нысанның құрылысы жүргізілуде. Шу ауданының орталық аудандық ауруханасы жанындағы «Қамқор» оңалту орталығының құрылысы аяқталуда. Қазіргі заманғы желілік үдеткішпен жабдықталған заманауи онкология және хирургия орталығының құрылысы жалғасуда. Желілік үдеткішті орнату облыс тұрғындарына еліміздің басқа өңірлеріне және Қырғызстанға бармай-ақ, онкологиялық аурулар кезінде сәулелік терапияны толық көлемде алуға мүмкіндік береді.
Ауылдық жерлерде 6 нысан күрделі жөндеуден өтті. Олар: Мойынқұм ауданындағы дәрігерлік амбулатория, Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар корпусы, Қордай ауданындағы 4 нысан.
Қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен жабдықтаусыз диагностика мен емдеудің жаңа әдістемелері мен тәсілдерін дамыту және енгізу мүмкін емес. Ағымдағы жылы облыс орталығы мен аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдарды заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандыру жүргізілді. Олар: Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасы мен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы үшін магнитті-резонансты томограф (МРТ), компьютерлік томограф (2 бірлік), ультрадыбыстық аппараттар (3 бірлік), жасанды қан айналымы аппараты (1 бірлік), фиброгастродуоденоскоптар (3 бірлік), гемодиализге арналған жылжымалы аппараттар (2 бірлік), операциялық үстел (2 бірлік), эндолор және басқа да жабдықтар мен техника кешені.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) – денсаулық сақтаудың негізгі және неғұрлым күрделі буыны. Озық инновациялық технологиялар енгізілді. Мейіргер ісіндегі тәуелсіз практика, Меркі, Жамбыл аудандарында және №5 қалалық емханада үздік практика орталықтары ашылды. Меркі ауданының Аспара және Ақермен ауылдық округтерінде «Салауатты ауыл» жобасы жүзеге асуда. Негізгі мақсаты «Дені сау ұлт» «әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медицина» Ұлттық жобасын, сондай-ақ салауатты өмір салтының профилактикалық бағыты бөлігінде халық денсаулығы мүддесінде әлеуметтік әділдікті сақтау жөніндегі ДДҰ саясатының стратегиялық міндеттерін іске асыруға жәрдемдесу.
Облыста «Ерлер денсаулығы» пилоттық жобасы енгізілді. Жоба өмір сүру ұзақтығын төмендетуге ықпал ететін себептерді анықтауға және ерлердің жалпы денсаулығын сақтау бойынша ұсыныстарға бағытталған. Жетекші республикалық және халықаралық мамандармен ынтымақтастық орнады. «Primary Health Care» Ұлттық ассоциация-сы алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының мамандарын – дәрігерлерді, медбикелерді, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, салауатты өмір салты мамандарын дайындауда, мультидисциплинарлық топтың командалық жұмысында елеулі үлес қосты. Нәтижесінде Меркі, Жамбыл аудандарында, №5 қалалық емханада үздік практика орталықтары сияқты әлемдік тәжірибедегі тәуелсіз мейірбикелік практикалар, сондай-ақ «Салауатты ауыл», «Ерлер денсаулығы» жобалары енгізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі Еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якаб пен техникалық кеңесші Арнольдас Юргутис мамандардың кәсіби даярлығын жоғары бағалап, үздік практика орталықтарының ашылуына қатысты. «Визуалдаудың заманауи құралдарын пайдалана отырып мультидисциплинарлық эндохирургиялық тәсіл» ғылыми-практикалық конференциясына Ресей мен Украина Республикалық клиникаларының жетекші мамандары қатысты. Эндохирургиядағы қауіпсіздік бойынша мейірбикелерді оқыту, хирургияның әртүрлі бөлімдерінде операциялық араласулардың шеберлік сыныптары өткізілді. Облыстық көпбейінді ауруханада барлық асқазан-ішек жолдарын зерттеуге мүмкіндік беретін ауыртпалықсыз және қауіпсіз капсула эндоскопиясының заманауи әдісі енгізілді.
Медицина қызметкерлері-нің кәсіби мерекесі күні қарсаңында медицина қызметкерлерінің бастамасымен құрылған «Денсаулық» мәдениет және демалыс саябағы ашылды. Онда барлық жас санаттарына физикалық белсенділікті қолдау үшін жағдайлар жасалған. Үстел теннисі, воркаут, баскетбол, жаяу серуендеуге арналған жолдар, балалар алаңдары, 1000-нан астам түрлі көшет пен гүлдер отырғызылып, субұрқақ, шағын сәулет нысандары орнатылды. Медицина қызметкерлерінің қаражаты және күшімен футболмен айналысуға арналған алаң құрылды. Барлық ниет білдірушілерге тегін негізде тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен скандинавиялық жүріс, йога сабақтары үшін жағдайлар жасалған. Мұның бәрі азаматтардың эмоционалды және физикалық жағдайын сақтау үшін істелуде. «Сіздің денсаулығыңыз – өз қолыңызда» стеласы орнатылды. Ол тұрғындарға «өз денсаулығыңызды сақтаңыз, физикалық белсенділігіңізді арттырыңыз» деген үндеуді білдіреді. COVID-19-бен күресте өз өмірін құрбандыққа шала отырып, тұрғындар өмірі үшін күрес барысында қайтыс болған медицина қызметкерлерінің құрметіне естелік ретінде «Өзгеге шамшырақ болып, өзім өшем» ескерткіші орнатылды.
Барлық мәселелер шешілген жоқ, бірақ халықтың денсаулығын одан әрі қорғау, облыс халқының өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсарту бойынша жаңа мақсаттар мен міндеттер қойылды. Бағытымыз айқын, жоспарымыз жұмыр!

Әсет ҚАЛИЕВ,
облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.