Қалалық қоғамдық-саяси газет

Индустриялды-инновациялық дамыту жолында

0 183

2015 жылы жобалық құны 8,0 млрд.теңгені құрайтын «GOLDEN COMPASS CAPITAL» «Алтын өндіру» жобасы іске қосылған, қуаттылығы жылына 250-300 кг таза алтын өндіру. Бүгінгі күні 200 адам жұмыспен қамтылған. 2022 жылдың 4 айында  1342,137 теңге 66,81 кг. алтын өндірілді.

2016 жылы жобалық құны 435,6 млн. теңгені құрайтын «Луговой Жылқы Зауыты» ЖШС-ң «Мал азығына қажетті ұсақталған құрама жем дайындау» (комбикорм) зауыты жобасы іске қосылған, Жобалық қуаттылығы сағатына 15 тонна құрама жем өндіру. Жоба автоматтандырылғандықтан 4 жұмыс орын ашылды. 2022 жылдың 4 айында  60 620 321 теңге 501 тонна. құрама жем өндірілді.

2019 – 2021 жылдары «Индустрияландыру картасы» немесе «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында әлеуетті жобаларды іске асыруға 2 жоба ұсынылды.

– Жеке кәсіпкер Мухиев Есей – Малдыбай ауылынан 25 га жер сатып алып, жаңадан   кірпіш зауытын салады, инвестициялық жоба құны 2,0 млрд.теңге .

– «Golden Compass Jambyl» ЖШС – 64 га жер алды, қосымша алтын қоспасы бар руда өндіру   жұмысын кеңейтуде. Қазіргі уақытта қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін II кезеңде қолданыстағы ГМО-ны жаңғыртып, сорбциялық бөлімшесі бар жаңа фабрика салды, 28 желтоқсан 2021 жылы пайдалануға қабылдау актісі алынды, жобалық құны  3,9 млрд.теңге.

2020 жылдың басынан инфрақұрылымды тарту бойынша  1 жоба , 860,3 млн.теңге ұсынылды. («Golden Compass Capital» АҚ) электр энергиясын тарту. 2021 басталып 2022 жылы аяқталады деп күтілуде.

2021 жылы «Қарапайым заттар экономикасы»  (субсидия, гарантия, инфрақұрылым, қарапайым заттар экономикасы), «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы  бойынша жеңілдетілген несиені Т.Рысқұлов ауданында  24 кәсіпкер 237,2 млн.тг  көлемінде қаржыландырылды,

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.