Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дәрілік өсімдік (мия) тамырын заңсыз қазған азамат құрықталды

0 540

Заң бұзушыларды басқармаға қарасты Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің қызметкерлері анықтаған. Кезекті рейдтік шаралар барысында заң бұзушылардың бұл әрекеті мекеме аумағындағы «Қорағаты» орманшылығында тіркелген.

Дәрілік өсімдік (МИЯ) тамырын рұқсатсыз жинап, пайда көрмек болған азаматтың бұл әрекеті ұзаққа созылмаған. Ұсталған азамат Тараз қаласының тұрғыны екені анықталған.
Тәркіленіп алынған дәрілік өсімдік (мия) тамырларының жалпы салмағы 1,6 тонна болған. Ал, келітірілген залал көлемі 1 470 240 теңгені құраған.

Ұсталған азаматқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 370-бабы 3-тармағына сәйкес хаттама толтырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.