Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халқымыздың мәдени мұрасы – тоқыма өнері

0 915

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтың қазынасы – қолөнер болып табылған. Шеберлер ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың ұлттық дәстүрін көрсете білген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғартады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын да өнер туындыларына арқау еткен. Оның ішінде тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық тоқыма өнеріміз күні бүгінге дейін өзінің эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап, қасиетін жоғалтпай жақсы сақталған ірі мәдениет үлгісі ретінде аталып, келген және халқымыздың тарихымен, тұрмыстағы әдет-ғұрып, салт-дәстүріне сай дамып, түрленіп жетілдіріп отырған. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей бермек.
Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды. Яғни осы тоқу үстіндегі түрлі-түсті бояулар әлемнің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдік сезіну қабілетін дамытады. Соған орай тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді.
Халықтың дәстүрлі өнері – сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Бүгінгі болашақ
ұрпақ – ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету керек. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті – өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Ата-бабадан мұра болып қалған өнегелі өнерімізді бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру – әрқайсысымыздың борышымыз.

С.Коданова,
Жамбыл политехникалық жоғары
колледжінің арнайы пән оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.