Қалалық қоғамдық-саяси газет

Гүлшара Әбдіқалықова қанша жалақы алатынын айтты

0 510

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жалақысының мөлшері туралы айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жалақым заңға сәйкес 986 мың теңге деп белгіленген. Сол сияқты биыл факторлық-балдық шкала бойынша 1,9 есеге көтерілді. Бірақ еңбек демалысын алғаным бар. Өйткені екі жыл демалмаған едім. Қазіргі жалақымды есептейтін болсақ, 986 мыңды 1,9-ға көбейтсек, 1,8 млн теңге мөлшерінде болады», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Бұған дейін Гүлшара Әбдіқалықова Нұр-Сұлтан мен Қызылорданың азық-түлік бағаларындағы айырмашылық туралы, сондай-ақ өңірдегі өнімдердің қымбатшылық мәселесін қалай шешіп жатқандарын айтып берген болатын. 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.