Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еуропарламент депутаттары Қазақстан шенеуніктерін жазаламақ

0 233

Резолюция жобасы авторларының бірі Хайди Хаутала «бейбіт наразылықтың қалайша озбырлыққа ұласып кеткенін, оған қандай элементтер тартылғанын, жағдайдың ушығуына не түрткі болғанын» анықтау үшін оқиғаны халықаралық дәрежеде тәуелсіз тергеу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Bugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

– Кінәлілер жазалануы тиіс. Кез келген жолмен билікті сақтап қалғысы келетін клептократтарға қатаң шара қолданылуы тиіс. Өз халқына қарсы қылмыс жасағаны үшін сот алдында жауап беруі керек. ЕҚЫҰ, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі, ЕО тәуелсіз тергеуді қолға алуы тиіс, – деді депутат.

Резолюция авторларының бірі Андирус Кубилиус демонстранттарға күш қолдану халықаралық тергеуді қажет етеді деді. Президент Тоқаевтың көшедегі адамдарға ескертусіз оқ атуға шақыруы «бұл әрекеті өмір бойы оның қыр соңынан қалмайды» деді депутат.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.