Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еуропа чемпионатына шыққан барлық құрама анықталды

0 1  270

Футболдан биылғы Еуропа чемпионатына жолдама алған барлық құрама белгілі болды. Соңғы үш жолдаманы Грузия, Польша және Украина құрамалары еншіледі.

2024 жылғы Еуропа чемпионатына негізгі іріктеу кезеңінен кейін 21 құрама тікелей жолдама алды. Ал 3 жолдама Ұлттар лигасы жобасы негізінде ойнатылды. Ол арқылы Қазақстан құрамасының да жолдама алуға мүмкіндігі болды. Алайда Магомед Адиев шәкірттері гректерге қарсы ойында ойсырай ұтылды.

Ұлттар лигасының «А» және «В» топтары арқылы Уэльс пен Украина финалдық кезеңге жолдама алды. Ал Грузия Ұлттар лигасы «С» жолы бойынша плей-офф сатысы финалында Грекияны пенальтиден жеңіп кетті. Осылайша Грузия өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды.

Еуропа чемпионатының топтық кезеңі:

«А» тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.
«B» тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
«C» тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
«D» тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.
«E» тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина.
«F» тобы: Түркия, Грузия, Португалия, Чехия.

Еуро-2024 додасы 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді.

massaget.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.