Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ескертуді елемегендерге айыппұл салынды

0 174

Қала аумағында жұмыс істеп тұрған сауда орындары, дүкендер мен халық көп шоғырланған нысандарда карантин талаптары сақталуы тиіс. Осыған орай, қала әкімінің орынбасары Алмас Садубаев бастаған мобильдік топ мүшелері бақылау жұмыстарын жүргізді.

Сәндібек Піренов

Алдымен топ мүшелері екі бағытқа бөлініп, жұмыс жоспарын нақтылады. Яғни бірінші бағыт «Жеңіс», Тұңғыш Президент саябақтары, «Мыңбұлақ» шағын ауданындағы базарларды аралады. Ал екінші бағыт бойынша топ мүшелері «Жастар» аллеясы, Т.Рысқұлов, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағы және басқа да нысандарды барлады. Түсіндіру жұмыстары кезінде санитарлық талаптарды өрескел бұзғандар анықталмады. Мәселен, саябақта жүргендер маскалары болса да тағып жүрмейді, кейбір сауда орындарында да осындай жағдай қайталанды. Жалпы мобильдік топтар карантин режимін ескермей, кешкі уақытта жасырын жұмыс істеп отырған орындарды анықтағанын әлеуметтік желілерден көріп жүрміз. Бұл жолы кәсіпкерлер тәуекелге бел байлаудан сескеніп, үйлеріне әдеттегіден ерте қайтқанға ұқсайды. Бұл дегеніміз мобильдік топтардың жұмысқа қызу кіріскендігін айғақтайды.
Айта кетейік, қала бойынша кешкі рейд жұмыстары жүргізіліп, мезгілсіз жұмыс істеп тұрған азық-түлік дүкендері мен көлік жуу орындары анықталды. Нәтижесінде мобильдік топ мүшелері карантин талаптарын бұзған нысан иелеріне хаттама толтырып, айыппұл салды. Рейд жұмыстары әлі де жалғасуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.