Қалалық қоғамдық-саяси газет

42 500 теңгені кімдер алады?

0 403

Халыққа карантин кезінде 42 500 теңге көлемінде төлемақы қайта берілетіні туралы хабар тарағалы бері көпшілік қайда құжат тапсырарын білмей даурығып қалған еді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жауапты мамандар осы мәселе бойынша сауалдарға егжей-тегжейлі жауап берді.

Арайлы Серікқызы

Брифингке Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков, ҚР Жамбыл облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Нұрахмет Искаков және облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев қатысты.
Спикерлердің хабарлауынша, шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №286 Жарлығының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес әзірленіп, анықталған. Шектеу шараларын қолдану салдарынан кірісі жоғалған жағдайда біржолғы әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүзеге асырылады.
– Біржолғы төлем «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 150-бабының 3-тармағына сәйкес шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты 2020 жылғы шілде айында кірістен айырылу жағдайында бір рет тағайындалады және «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген бір ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.

– Біржолғы төлем «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 150-бабының 3-тармағына сәйкес шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты 2020 жылғы шілде айында кірістен айырылу жағдайында бір рет тағайындалады және «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген бір ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді. Біржолғы төлем екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен аффилирленген заңды тұлғалардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінен басқа), акцияларының және жарғылық капиталындағы үлесінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың жұмыскерлерін қоспағанда, жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлерге, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға, нысанасы жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғаларға беріледі, – дейді Нұрахмет Искаков.
Жиынға қатысқан мамандардың хабарлауынша, шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін және олардың қағида талаптарына сәйкес келуін жұмыс беруші айқындайды. Өтініштер 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Қажет болған кезде өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәсілдермен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жою туралы өтінім беру арқылы біржолғы төлем тағайындауға өтінішті кері қайтарып ала алады. Өтініш беруші ұсынылған ақпарат пен мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді. Біржолғы төлем тағайындау туралы өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, Enbek.kz порталы, электрондық үкіметтің Telegram-bot және 42500.enbek.kz aitu-bot порталы арқылы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары, осы Қағидалардың 3-тармағының тармақшасында көрсетілген адамдар үшін проактивті қызмет арқылы көрсетіледі. Бұл жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш талап етілмейді. Әлеуетті өтініш берушіге біржолғы төлем тағайындауға келісім алу үшін ұялы байланыстың мобильді құралдары арқылы SMS-хабарлама жіберіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.