Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ертегі еліктіре ертеді

0 275

Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында балалар жазушысы, қазақтың көрнекті ақыны, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Өтебай Тұрманжановтың туғанына 120 жылдығына орай «Ертегі еліктіре ертеді» кеші өтті.

Шара №13 бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндерінің «Ара» биімен ашылып, №8 гимназияның 4 сынып оқырмандары «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар», «Аңқау қасқыр», «Аңғал бұғы, алдамшы түлкі, аң патшасы» ертегілерінен қойылым көрсетті.

Әдеби кештің қадірлі қонақтары қатарында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Жадыра Құттыбаева, белгілі қаламгер, ардагер журналист балалар жазушысы Бақытжан Советұлы, балалар, жазушысы Марат Құлибайұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Рысты Керімбаева пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар кеш барысында «Балаларға базарлық» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.