Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ерсад-2021»: өңірдің өндірісі өрістейді

0 3  958

Облысымызда «Ерсад-2021» жобасы қолдау тапты. «Ерсад-2021» ЖШС нарықта 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Компания «Спанбонд» типті тоқыма емес бұйымдарын өндірумен айналысады.

Спанбонд – бұл өте жеңіл, экологиялық таза, ұзаққа созылатын, ең жұқа полипропилен жіптерінен тығыздығы 60-тан 550 гр./ш.м. дейінгі жылу өткізбейтін мата, әдетте 100 пайызы полипропиленнен тұрады. Спанбонд қымбат материалдарды ауыстыру ретінде қолданылады. Материалдың негізгі қасиеттері: арзан, бойлық және көлденең бағытта жоғары беріктік, кесудің қарапайымдылығы, беріктігі, тұрақтылығы, ыстыққа төзімділігі, изотроптылығы.
Компанияны бастапқыда «Даму» қоры 2021 жылы қолдаған болатын.
Мәселен, 2021 жылғы 10 тамызда «Даму» қоры «Сбербанк» АҚ ЕБ-де (қазіргі «Bereke Bank» АҚ ЕБ) мақұлданған кредит бойынша Басым жобаларға несие беру тетігі шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды мақұлдады. Несие сомасы 865 миллион теңгені құрады. Сыйақы мөлшерлемесі – 15 пайыз, «Даму» қоры тарапынан субсидиялау мөлшерлемесі – 9 пайыз, ал қалған 6 пайызды компания төлейді.
Бұдан әрі 2022 жылғы тамызда өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау бағдарламасы шеңберінде компания айналым қаражатын толықтыруға «Қазақстан Халық банкі» АҚ арқылы кредит алды. Оның сомасы 400 миллион теңгені құраса, 200 миллион теңгесі 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде берілген «Даму» қорының кепілдігі. Осылайша кәсіпкерлікке тағы бір кең өріс ашылмақ.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.