Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ербол Қарашөкеев Жасөркен ауылындағы көшелер мен аулалардың жағдайын тексерді

0 223

Қазіргі таңда ауылдағы барлық аулалар, көшелер судан тазартылған. Жарық, газ тұрақты берілуде. Ауылда ауыз судың сапасын тексеру қорытындысы нақтыланғанға дейін, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылуда. Уақытша онлайн оқуға көшірілген М. Әуезов атындағы орта мектеп балаларды қабылдауға дайын.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жасөркен ауылындағы судан тазартылған бірқатар аулалар мен көшелерді аралап, тұрғындардың жай-күйімен танысты.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға зардап шеккен аулалардың бәріне қысқа мерзімде тиісті көмектерді көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі арықтарды тез арада тазалауды міндеттеді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің шынайы ақпарат беру, көлбеу судың келуін болжай отырып, алдын алу шараларын дер кезінде атқармау, оқиға орнына кешігіп келу секілді сылбыр жұмыстарын сынға алды.

Тиісінше аудан әкіміне қатаң сөгіс, оның салаға жауап беретін орынбасарына қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, ауыл әкіміне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік шара тағайындалды.

Жағдай қайталанбас үшін, тау бөктерінен Беларық каналына дейін 2,5 шақырымдық дренаж (сыйымдылығы 1 текше метр) қазылды.

Еске сала кетсек, 2024 жылы 15 сәуір күні сағат шамамен 20.00-ден кейін толассыз жауын-шашынның салдарынан Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында көлбеу ағын пайда болып, салдарынан аталған ауылдағы 30-дан астам үй ауласының аумағына, оның ішінде бір тұрғын үй мен қосымша құрылыс нысанына (вермянка) су кірген. Оқиға орнында 300-ге жуық адам және 60-қа тарта техника (ЖАО. ПД. ТЖД) жұмылдырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.