Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ербол Қарашөкеев облыс тұрғындарын табиғатты аялауға шақырды

0 135
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырды. Бұл туралы аймақ басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Құрметті жамбылдықтар!
Қадірлі әулиеаталықтар!
Тарихы терең, киелі Әулиеата өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны басталды.
Бұл игі бастамаға барша облыс тұрғындары өзара ұйымшылдықпен қатысады деп сенемін.
Мемлекет басшысы көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аулаларын абаттандыру, жолдарды ретке келтіру бойынша нақты міндеттер жүктеген болатын.
Расында да, бұл тұрғыда мәселелердің өзектілігі күн санап артып келеді. Ал, оның шешілуіне жұмыла жұмыс жасағанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз.
Себебі, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Туған жерімізді, туған өлкемізді аялау, оны көздің қарашығындай қадірлеу – ортақ іс.
Халқымызда «Ауылына қарап – азаматын таны» деген жақсы сөз бар.
Біз үшін бүгінде «Тараз – жасыл қала» деген лайықты бағамызды сақтап қалу – маңызды. Тек облыс орталығын ғана емес, аудандар мен ауылдардың да ажарын арттырып, абаттандыру – басты талап.
Көптеген айтулы тұлғаларды түлеткен өңіріміз – еліміздің мақтанышы болып қалуы керек.
«Жұмыла көтерген жүк – жеңіл!»-деп тегін айтылмаған.
Ендеше, барша облыс тұрғындарын тазалықты сақтауға, табиғатты аялауға, айналамызды күтіп ұстауға шақырамын!» – деп жазды Ербол Шырақпайұлы өз жазбасында.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.