Қалалық қоғамдық-саяси газет

ЕО елдерінде түрлі түсті татуировкаларға тыйым салынды

0 193

  2022 жылдың 4 қаңтарынан бастап ЕО елдерінде татуировка жасау үшін түрлі түсті сия қолдануға тыйым салынды, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуропа химиялық агенттігі (ECHA) бір жыл бұрын тұрақты өрнектерге арналған бояу құрамына кіретін 4000 мыңға жуық химиялық зат денсаулыққа қауіпті екенін мәлімдеді. Олар қатерлі ісік пен генетикалық мутация туындатуы мүмкін екені айтылды.

Тыйым салынған түстер тізімінде татуировкаларға арналған сия құрамына кіретін Blue 15 және Green 7 бар.

Түрлі түсті бояу жеткізушілер 2021 жылдың аяғында суретшілер үшін қауіпсіз сия әкелуге уәде берді. Бірақ бұл іс жүзінде әзірше орындалмады. Тату индустриясы бұл шешімге наразы және балама нұсқа табылуын күтіп отыр. Шеберлердің айтуынша, татуировкаға сұраныс төмендейді, ал салондар жай ғана күйрейді.

«Сайып келгенде, бұны мамандыққа тыйым салумен салыстыруға болады», – дейді кельндік суретші Марио Краймер.

Тату шеберлері тыйымға байланысты жұмысына сұраныс күрт төмендегенін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.