Қалалық қоғамдық-саяси газет

Энергия өндіруші ұйымдарға жұмысқа әзірлік паспортын беру

0 228

Құрметті қала тұрғындары!
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметі алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінішті жолдайды және жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында мемлекеттік қызметті көрсету жүзеге асырылады. Қызметтің көрсетілу мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды және қызметтің көрсетілу нысаны – электронды түрде.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініші;
2) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;
3) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалуын растайтын құжаттар тізімі;
4) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың алдағы күзгі-қысқы кезеңге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
Қызметтің қорытындысы, яғни қызмет көрсетілгені немесе бас тартылғаны туралы ақпарат әр азаматтың «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне хабарландыру ретінде келіп түседі.
Осы заңдарға сілтемені төменде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы толық көре аласыздар.

Ж.Әбдықадыр,
Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.