Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мыңға жуық бала мектепке даярланады

0 172

Биыл «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өтеді. Науқанның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындарға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша олардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Жалпы республикалық акция «Бала құқықтары туралы» Конвенция аясында жүзеге асырылуда. Соған орай, Тараз қаласы бойынша айтулы акцияны ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары әзірленген. Мәселен, ағымдағы жылы 1 000-ға жуық балаға көмек көрсетіледі деп күтілуде.
Білім бөлімінде осы акция аясында жұмысшы тобы құрылып, оның құрамына білім қызметкерлері, қоғамдық жұмыс пен қалалық мәслихат депутаттары еніп отыр. Олар қайырымдылық акциясы аяқталғанша көмек көрсетілген отбасыларға санақ жүргізіп, талдау жасап, көмек көрсеткен демеушілердің, мекемелердің есептерін жинақтау, т.б. шараларын атқаратын болады.
Сонымен қатар азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында басқарма мен білім бөлімдерінде «жедел желі», Call орталығы (54-86-22) жұмыс істеуде. Бұған қоса Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат және білім бөлімдерінің «Инстаграм», «Фейсбук» желілерінде «Мектепке жол» акциясының барысы туралы ақпараттар жарияланып отыр. Көмекке мұқтаж оқушыларға көмек ұйымдастыру үшін қала әкімдігінің бөлімдері, басқарма, департамент, банк саласы, техникалық, шығармашылық, өндірістік мекемелер мен кәсіпкерлер тартылуда. Сондай-ақ бүгінгі күні жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға тағайындалған бірреттік қаржылай көмектер ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Сондықтан акцияның өткізілу барысы білім бөлімі тарапынан жіті назарда.

«JT-ақпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.