Қалалық қоғамдық-саяси газет

Enbek.kz порталында видеосұқбат мүмкіндігі қолжетімді болды

0 355

Enbek.kz электронды еңбек биржасының порталында жұмыс берушілерге өз түйіндемесін орналастырған жұмыс іздеушілермен видеосұқбат өткізу мүмкіндігі қолжетімді болды, деп хабарлайды «Jambyl Taraz» ақпараттық агенттігі  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Enbek.kz порталында бейнеәңгімелесу өткізу үшін жұмыс іздеуші мен жұмыс берушіге қосымша қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ. Бұл функция тегін және жеке кабинетте қолжетімді.

Жұмыс беруші видеоұқбат өтетін күн мен уақытты белгілеп жұмыс іздеушіге шақыру жібереді. Өз кезегінде жұмыс іздеуші өз электрондық поштасына бейнеқоңырауға қосылуға белсенді сілтеме көрсетілген шақыру алады. Егер ол сұхбаттасудың осындай форматына дайын болса, онда тек белгіленген уақытта бейнеқоңырауға қосылу жеткілікті.

Видеоұқбаттан өту үшін үміткер компьютерге камера мен микрофонды қосып, жұмыс берушімен сұхбат кезінде техникалық ақауларды болдырмау үшін интернет байланысының тұрақтылығын тексеріп алғаны жөн.

Enbek.kz порталындағы әңгімелесу (видео) форматы жұмыс берушіге уақытты үнемдеуге, егер үміткер жолсапарда болса, көпсатылы іріктеу кезеңінде кездесуді кейінге қалдырмауға, сондай-ақ бос жұмыс орнын толтыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.