Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

0 320

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ-де ағымдағы жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай апталық іс-шара өткізілуде.
Атап айтқанда, «Тәуелсіз елдің ұрпағымын», «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік», «Мен үшін тәуелсіздік деген не?» тақырыптарында челлендж түсірілді. Челленджге тәрбиеленуші балалар мен мамандар қатысып, ән шырқап, өлең оқып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көркеюін слайд және видеороликтер арқылы тамашалап, мәз-мейрам болды.

Акерке Есимхан,
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» КММ тәрбиешісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.