Қалалық қоғамдық-саяси газет

№56 орта мектептің игі ісі көпке үлгі

0 206

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да білім беру ошақтарында өз жалғасын тапты. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтті.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға нақты көмек көрсету.
Бұл игі істің №56 орта мектебінде ұйымдастырылуына аяулы ұстаздары ұйытқы болды. Жиналған қаражатқа жеті аз қамтылған және көпбалалы отбасыға азық-түлік алынып, оқушылардың үйді-үйіне азық-түлік қораптары таратылды. Сыйлықтарды тарту барысында мектеп директоры Әбдіқалық Нұрбол Әбубәкірұлы оқушыларға тілегін білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
«Мектепке жол» акциясын жүргізуде ниет білдірушілердің жәрдемдесуіне өтініш үндеуі мектеп әлеуметтік парақшаларында орналасқан. Нәтижесінде №56 орта мектебінің түлегі 100 000 теңге көлемінде демеушілік жасап, екі ұл балаға қалың қыстық күрте, екі қыз балаға қалың қыстық күрте, екі қыстық қалың аяқ киім, үш бас киім және мектепке қажеттi оқу құралдары табыс етілді.
Бұл акцияға ата-аналар мен балалар дән риза. Олар осы қайырымдылық шарасына мұрындық болған №56 орта мектеп ұжымы мен жеке демеушіге алғыстарын білдірді.

А.Турукбенова,
Тараз қалалық №56 орта мектебінің әлеуметтік педагогы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.