Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еліміздің қай өңірінде мұғалімдер жетіспейді – Министр айтты

0 376

Еліміздің мектеп мұғалімдеріне зәру өңірлері аталды, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz   сайтына сілтеме жасап.

«Педагог дефицитіне келсек, биыл қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 3 мыңнан астам жұмыс орны бос тұр. Бүгінде Қазақстанда 350 мыңдай мұғалім барын ескерсек, салыстырмалы түрде 3 мыңды аса үлкен тапшылық деп ойламаймын. Мұғалімдердің жетіспеушілігі көбінесе ауылдық жерлердегі шағын мектептерде байқалады. Шағын мектептердегі педагог тапшылығы ондағы жүктеменің аздығынан туындап отыр. Мұғалім тапшы 3 аймақты айтар болсам, алдымен Атырау облысы, екінші кезекте Алматы облысы және үшінші орында Түркістан облысы», – деді ҚР Білім және ғылым министрлі Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.



Министрдің мәлімдеуінше, жоғарыда аталған әр өңірде 600-ге дейін бос жұмыс орны бар.

«Кез келген мәселенің екі жағы бар. Мемлекет басшысы тапсырған 1000 мектеп салуға келсек, жаңа мектеп салған соң, оған қажетті мамандарды да даярлау керек. Бұл орайда педагогика мамандықтарына бөлінетін грант саны жыл санап артып келеді. Сондай-ақ мұғалімдерді даярлауда оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Жалпы айтқанда, бүгінде елімізде педагог тапшылығын шешуге арналған кешенді жүйе бар», – дейді ол

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.