Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімізде жаңа мереке бекітіледі

0 113

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысына сай, қараша айының екінші бейсенбісі – елімізде Сапа күні мерекесі болып бекітілмек.

Қазақстанда тиісті мереке күнін бекіту тұтынушылардың сапалы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға, отандық кәсіпорындар мен ұйымдарды ынталандыруға ықпал етеді және заманауи әлемдік үрдістерді ескере отырып, шығарылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді жетілдіреді.

Бұл күн дүниежүзілік қауымдастық – 1989 жылдан бастап жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісінде атап өтілетін Дүниежүзілік сапа күніне орай теңестірілді.

«Оны БҰҰ қолдауымен Еуропа, Америка және Жапон сапа ұйымдары құрды. Жыл сайынғы әлемде түрлі іс-шаралар өткізіледі, олардың мақсаты – тұрақты дамуды және азаматтардың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін өнімнің, көрсетілетін қызметтердің, қоғамды басқарудың жоғары сапасының маңызын атап өту», – деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысының жобасына.

Құжат 15 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.