Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елдіктің еңселі ескерткіші

0 242

Ұлт азаттығы жолында басын бәйгеге тігіп, егеулі найзасын қолға алған тұлғаларға тағзым жасаудың жарқын көрінісі – ескерткіштер екені белгілі. Мәселен, көне шаһардағы №13 ықшамаудан маңында бой көтерген қазақтың тұңғыш хандары Керей мен Жәнібектің еңселі мүсіндері көрген жанның рухын оятып, ерліктің ерен үлгісін паш етіп тұр. Бұл – «Мәңгілік ел» монументінің бір бөлігі.
Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойына орай ашылған монументтің биіктігі 30 метр болса, аумағы 3,5 гектарды алып жатыр. Бұл кешеннің ең ерекше архитектуралық шешімі – Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей ханның тақта отырған сәтінің бейнеленуі болды. Керей мен Жәнібек мүсінінің биіктігі – 5 метр. Авторы – сәулетші Серік Рүстембеков, мүсіншілер – Мұрат Мансұров пен Ринат Абеков. Тағы бір айта кетерлігі, бұл – Қазақстанның киелі жерлері картасының тізіміне Жамбыл облысынан енгізілген 27 нысанның бірі.

Құрбанәлі Шахабай 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.