Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елбасының есті сөздері – ұрпаққа өнеге

0 343

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты бүгінде төрткүл дүние таниды. Даналық, көшбасшылық, көрегендік қазақ басшысына тән. Елбасының әрбір сөзінде мән-мағына бар. Тәлім алар, тағылым боларлық құндылықтар да жетерлік. Біз де оқырмандарымызға ой салу мақсатында Тұңғыш Президентіміздің қанатты сөздерін жинақтауға тырыстық.

* * *

Тараз – тарихымыздың темірқазығы.

* * *

Тәуелсіздікпен бірге біз елдік дәстүр мен мемлекеттік мәдениетті жаңғырттық. Осылайша, төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың «Мәңгілік ел» мұратын қайта жалғадық. Тегеуріні берік, тепкісі қатты заманда тең жарымынан айырылған халқымыз ана тілінен, қасиетті дінінен көз жазып қала жаздады. Дегенмен соның бәрі халқымыздың рухын жасыта алған жоқ, азаттыққа деген аңсарын жеңе алмады.

* * *

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

* * *

Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.
Нағыз патриот – өз елін мақтайтын емес, нағыз патриот – кемшіліктерді байқап, оларды түзеуге ықпалдасатындар.

* * *

Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.
Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.

* * *

Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.
Білім – кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады.

* * *

Махаббат деген еліңе, махаббат деген жеріңе, жанұяңа, балаңа, әке-шешеңе. Махаббат деген – үлкен нәрсе. Махаббат деген – Отан деген сөз. Махаббат деген – үй деген сөз. Махаббат деген – ғашығың деген сөз. Сол махаббат барлықтарыңның жүректеріңде әр уақытта сөнбесін. Оны жүректеріңізде ұстаңыздар.

* * *

Тәуелсіздікке қол жеткізу де, оны баянды ету де оңай емес.

* * *

Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз. Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.

* * *

Көптеген елдерді араладым. Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен.

* * *

Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ. Осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай тәуекелге де барамын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.