Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел қоржынына алғашқы алтын түсті

0 584

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік студенттер ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальға қол жеткізді.

46 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен таэквондошы Рита Бакишева финалда Тайпейдің өкілі Хуан Ин Суанды ұтып, Универсиада чемпионы атанды.
Қазір ел қоржынында 11 медаль бар. Оның біреуі – алтын, бесеуі – күміс, бесеуі – қола. Осының нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есеп-те 10-орынға көтерілді. Көш басында 28 (17-6-5) медальмен Қытай келеді. Одан кейінгі орындарға Оңтүстік Корея мен Жапония жайғасқан.
Жазғы универсиада 8 тамызға дейін жалғасады. Байрақты бәсекеде 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық бақ сынауда.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.