Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел болашағы жастардың қолында

0 353

Бүгінгі жастарға керегі – ең әуелі тәрбие мен білім. Себебі білімді азамат өзін еркін сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды және қай бағытта қозғалу керек екенін біледі. Әрбір қазақстандық жас болашаққа осы мақсатқа ұмтылуы тиіс.

Осыны басты ұстаным еткен мен Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжіне оқуға түстім. Мамандығым – «Мұнай өнімдерін тасымалдау және сақтау». Қызығы мен қиындығы мол студенттік кезеңдегі бос уақытымды тиімді пайдалану мақсатында колледждегі бірнеше клубқа мүшемін. Атап айтсам, «Алғырлар» интеллектуалды пікірсайыс клубының аға буыны және Жамбыл облыстық пікірсайыс қозғалысына қатысып, Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін Пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайландым. Сондай-ақ колледжде достарыммен бірге футбол клубында жаттығамын.
Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге жетіп үлгердім. Атап айтсақ, былтыр республикалық «Топ 100 студент» байқауында топ жарсам, 2022 жылғы президент сайлауында қоғамдық коалиция мүшесі болдым. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталдым. Менің бұл жетістіктеріме колледж директоры Дүйсенбек Абдраймов бастаған азаматтардың қолдауы зор септігін тигізуде. Білім ордасының жанынан 2000 жылы пікірсайыс клубы құрылған болатын. Бұл жерде белгілі блогер Өркен Кенжебек, қоғам белсенділері Уалихан Болатбек, Дәулет Егембердиев, Серікбол Берікқожа сынды танымал жастар шыңдалып шыққан.
Қорыта айтқанда, әрбір жас арман, еңбек, сенімді басты ұстаным етсе, өздері қалаған мамандыққа қол жеткізіп, болашаққа нық сеніммен қарайды.

Азамат Тоқберген,
Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің студенті,
Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы
«ЕРКІН ПІКІР» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.