Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасына байланысты жауап алынды

0 240

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ерлан Тұрғымбаевтан Бас прокуратураның Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынған.

Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың қаңтарындағы еліміздегі жаппай наразылықтан кейін 25 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі қызметінен босатылған болатын.

17 тамызда ол Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметке осы жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.