Қалалық қоғамдық-саяси газет

Спорттағы студенттер

0 752

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ректоры міндетін атқарушы Данияр Ысқақұлы спорт саласында жетістікке  жеткен студенттермен кездесті.

Университет студенттері тек өңіріміздің ғана емес, еліміздің намысын қорғап жүр. Бұл олардың әлемдік деңгейдегі алғашқы жеңістері емес. Бұған дейін бірнеше рет дүбірлі додаларға қатысып, туымызды көкке көтеріп, Әнұранды асқақтата шырқатқан.

Ресей федерациясы, Чебоксар қаласында Каратэ-до шотоканнан өткен Әлем чемпионатында Ұлттық құрама сапына енген университеттің 3 студенті бақ сынады. Атап айтар болсақ, Нұрлан Джумамуратов,  Маманов Ахат, Сағындықова Мейірім.

Жеңімпаздардың бапкері Ерік Махамбетов кездесу барысында университет ректоры міндетін атқарушы Данияр Ысқақұлына бірнеше ұсыныстарын айтты. Мамандық бойынша бітірген студенттерге «Төреші» лицензиясын беру арқылы олар төреші, жаттықтырушы дәрежесін иеленсе, студенттер үшін үлкен мүмкіндік екенін, сондай ақ Шығыс жекпе-жегі үйірмесін, бокс академиясын ашу қажеттілігін атап өтті. Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен өзара меморандум жасап баскетбол, футбол, волейбол спорт түрлеріне көңіл бөлу керектігін айтты.

Жиын соңында ректор міндетін атқарушы Данияр Ысқақұлы халықаралық жарыстарда ел, аймақ намысын қорғап жүрген  спортшыларға рақмет айтты.  Айтылған ұсыныстар ескеріліп, студенттерге әрқашан қолдау білдіріп, алдағы уақытта жеңісті жемістерінің көп болуына сенетінін  жеткізді.

Медиа-қызмет.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.