Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экологиялық мәселелер кеңінен талқыланды

0 581

Жуырда ҚР Экология министрі Ерлан Нысанбаев Жамбыл облысының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Басқосу барысында тұрғындар тарапынан атмосфералық ауаның ластануы, жалпы білім беру бағдарламасына экология пәнін енгізу, аналитикалық зертхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру сынды маңызды мәселелер көтерілді. Сондай-ақ өңірдің қоршаған ортасын жақсарту, Тараз қаласының өнеркәсіптік бөлігіндегі «Қазфосфат» ЖШС Минералды тыңайтқыштар зауытынан шығатын өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін (фосфогипс) орналастыру, облыс орталығындағы ағаштарды кесу, арықтардың бітелуі, кәсіпорындардан бюджетке қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемдердің түсу жүйесінің ашықтығы, жасыл екпелер паспорттары, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көбейту, оқуды жаңадан тәмамдаған жас экологтарды тұрақты жұмыспен қамту сынды өзекті сауалдар да назардан тыс қалмады. Осы ретте М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Өндірістік мекемелердің экологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Іңкәр Жанат пен Жаңыл Қалдыбай көкейдегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алғанын айта кеткен абзал.
Барлық сауалды мұқият тыңдаған министр мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес, шаралар қабылдау бойынша тиісті тапсырмаларды жүктеп, кейбір мәселелерді жеке өз бақылауына алатынын баса айтты.
Кездесуден кейін Ерлан Нұралыұлы тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді.

Маржан Омарбекова,
«Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент.
Жанар Уйсимбаева,
«Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының
оқытушысы, т.ғ.к., доцент

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.