Қалалық қоғамдық-саяси газет

Еңбек қатынастарын заңдастыру – заман талабы

0 377

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 2020 жылдың 4 мамырынан ҚР Еңбек кодексіне (әрі қарай – Кодекс) өзгерістер енгізілген. Кодекстің 23-бабының 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес, Жұмыс беруші жұмысшыларының еңбек шарттарын автоматтандырылған «е-HR» есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге міндетті деп көрсетілген.

Осыған орай, Тараз қаласында ірі сауда орталықтарында, халық көп жиналатын жерлерде (мешітте, халыққа қызмет көрсету орталықтарында) бейресми жұмыспен айналысып жүрген азаматтардың «Еңбек қатынастарын заңдастыру» келісімшарт жасау бойынша 2023 жылға арналған мобильдік топтың 11 аумақтық округтерге шығу кестесі бекітілген. Кестеге сәйкес 30 іс-шара ұйымдастыру көзделген.
Бүгінгі таңда кестеге сәйкес, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарға тұрақты жұмыспен қамту немесе еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша, яғни «көлеңкелі экономикадан» шығару мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 1 620 мекеме басшыларына еңбек қатынастарын заңдастыру туралы түсіндіріліп және еңбек шарттарын «е-HR» жүйесіне шұғыл енгізу туралы нұсқаулық берілді.
Алдағы уақытта бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп, тұрақты бақылауда болады.

Гаухар ОЛЖАБАЕВА,
Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.